«Самал» емдеу-сауықтыру орталығы» ЖШС

МИССИЯ

Біздің миссиямыз- тұрғын халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған сапалы емдеу-сауықтыру медициналық көмегін көрсету.

САЯСАТ

 «Самал» емдеу-сауықтыру орталығы» ЖШС-інің саясаты Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында көрініс тапқан денсаулық сақтау жүйесінде халықаралық стандарттарды қолдануды кезең-кезеңімен енгізу, медициналық қызметтердің сапалық деңгейін арттыру міндеттерімен толығымен үйлеседі.

Тұрғын халыққа емдеу-сауықтыру медициналық көмегін көрсету –біздің миссиямыз екенін  жақсы түсінеміз. 

Көрсететін қызметтеріміздің тұтынушыларымыздың - пациенттеріміздің ең қатал талабына да сай келуіне қол жеткізу біздің басты міндетіміз болып табылады. Орталық басшылығы, тұрғын халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етудің маңыздылығын айқын түсіне отырып, біздің ұйым ұсынатын қызметтердің ең жоғары  сапалық деңгейіне жетуді өзіне міндеттеме ретінде қабылдайды.

Біз, егер қызметкерлер құрамы түгелдей мамандықтары бойынша халықаралық тәжірибе мен ғылымның соңғы  жетістіктеріне сүйенсе, егер біздің ұжымның барлық мүшесі зерттеулердің сынақтан өткен ең жаңа әдістерін меңгеріп, жоғары біліктіліктерін танытатын болса ғана өз жұмысымызда қажетті деңгейге қол жеткізетінімізді есте ұстаймыз.

Біздің емделушілеріміздің беретін бағалары жоғары болуы үшін бәрі де, соның ішінде қызмет көрсетудің жоғары нәтижелілігін қамтамасыз ететін жаңа технологияларды енгізу де, медициналық қызметкерлердің жоғары кәсіби шеберліктері де, емделушілер үшін мейлінше жайлылық туғызу да, қызметкерлер құрамының оларға деген ілтипатты, ықыласты, жылы, сергек  қарым –қатынасы да маңызды.

Ұсынатын медициналық қызметтеріміздің тізбесін кеңейтуге, пациенттердің талаптарынан шығуға бағытталған қызмет сапасы мен науқастарға жайлылық деңгейін арттыру жұмыстарын атқаруға ниет етіп отырмыз.

ТОО «Лечебно-оздоровительного центра «Самал»

МИССИЯ

Наша миссия – оказание качественной лечебно-оздоровительной медицинской помощи населению, направленное на улучшение их здоровья.

ПОЛИТИКА

Политика ТОО «Лечебно-оздоровительного центра «Самал» полностью согласуется с Посланием Главы государства Н.А.Назарбаева о поэтапном внедрении международных стандартов в систему здравоохранения, повышения уровня качества медицинских услуг.

Мы понимаем, что оказание лечебно-оздоровительной медицинской помощи населению – наша миссия.

Наша главная задача состоит в том, чтобы оказываемые нами услуги соответствовали самым строгим требованиям потребителей наших услуг - наших пациентов. Руководство Центра, отчетливо понимая важность обеспечения населения качественной медицинской помощью, принимает на себя обязательства по достижению самого высокого уровня качества услуг предоставляемых нашей организацией.

Мы исходим из того, что должный уровень будет достигнут, если в своей профессиональной деятельности весь персонал будет опираться на международный опыт и последние достижения науки, если все члены нашего коллектива будут неуклонно овладевать новейшими апробированными методами исследований, поддерживать высочайший уровень своей квалификации.

Для достижении высокого уровня удовлетворенности пациентов все важно – и новые технологии, обеспечивающие высокую результативность услуги, и профессионализм медицинских работников, и комфорт, и доброжелательное, отзывчивое и чуткое отношение персонала. 

Мы намерены расширять перечень предоставляемых медицинских услуг, повышать качество услуг и комфортность пребывания больных, направленное на повышение удовлетворенности пациента.